Компанияның нысандары

  • Атырау облысындағы төрт нысанда:

Қалдықтарды басқару кешені (ҚБК) 

Махамбет ауданындағы Атырау-Орал тас жолының 8-ші шақырымында орналасқан Қалдықтарды өңдеу кешені (ҚҚК). Нысанның жалпы аумағы 9,5 гектарды құрайды. Нысанның аумағында әртүрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу және залалсыздандыру үшін аумақтар, сондай-ақ сарқынды суларды қабылдауға және өңдеуге арналған алаңдар бар.

Қалдықтарды өңдеу және орналастыруға арналған кешенді полигон (ҚӨжОКП) 

Мақат ауданындағы Атырау-Доссор тас жолының 38-ші шақырымында орналасқан кешенді қалдықтарды өңдеу және орналастыруға арналған кешенді полигон (ҚӨжОКП). Нысанның жалпы аумағы 142 гектарды құрайды. Кешенді полигон өндірістік және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдауға, сұрыптауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға және көмуге, сондай-ақ ағынды суларды алдын ала тазартуға және мұнай қалдықтарын биологиялық өңдеуге арналған.

«Теңіз» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)

Атырау облысының Жылыой ауданы Теңіз мұнай кен орнының жанында орналасқан «Теңіз» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Нысанның жалпы аумағы 5 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС-і және оның мердігерлерінің БКЖ/ҰСҚБ жобасында қалдықтарды басқару аясында компания ұсынатын логистикалық қызметтерді қолдау үшін қажетті инфрақұрылымы бар әкімшілік-тұрмыстық кешені салынып, пайдалануға берілді. Нысан аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, өңдеу және залалсыздандыру алаңдары бар.

«Прорва» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

Атырау облысының Жылыой ауданы Прорва аймағына жақын орналасқан «Прорва» қалдықтарды жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Нысанның жалпы аумағы 15 гектарды құрайды. Нысанның аумағында өндірістік және тұтыну қалдықтарының әр түрлерін қабылдау, сұрыптау, өңдеу, орналастыру, көмуге арналған алаңдар, сондай-ақ тұрмыстық сарқынды суларды қабылдау және қайта өңдеу алаңдары орналасады.

 

  • Маңғыстау облысындағы екі нысанда:

«Өзен» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

Қарақия ауданындағы, Өзен кен орнына жақын маңда орналасқан «Өзен» қалдықтарды жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Нысанның жалпы аумағы 30 гектарды құрайды. Нысанның аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының алуан түрлерін қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру, сондай-ақ мұнай қалдықтарын биологиялық әдіспен өңдеу аймақтары бар.

«Қошанай» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

Түпқараған ауданында, Қошанайдағы НКОК Н.В. базасына жақын маңда, Форт-Шевченко қаласынан 12 қашықтықта орналасқан «Қошанай» қалдықтарды жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Нысанның жалпы аумағы 15 гектарды құрайды. Нысанның аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру, сондай-ақ тұрмыстық сарқынды суларды қабылдау мен өңдеуге арналған алаңдар бар.

 

  • Батыс Қазақстан облысындағы бір нысанда:

«Усихино» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметнинский ауылдық округі, Усихино ауылының 1У көшесі, 29А ғимаратында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 6 гектарды құрайды. Нысанның аумағында бұрғылау қалдықтарын бейтараптандыру және бұрғылау қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіруге арналған технологиялық участоктер орналасқан.

Басқа облыстағы нысандарды дамыту компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, өйткені қалдықтарды кешенді басқару саласында қызметтер көрсету аталған облыстың қоршаған ортаны сақтауына және жақсартуына көмектесетін болады.