ІСКЕРЛІК ӘДЕП КОДЕКСІ

Күн сайын біз әріптестерімізбен, серіктестермен және басқа да адамдармен араласамыз. Мұны қалай жасаймыз? Құрмет көрсетіп, жалпы қарым-қатынас пен іскерлік әдептің белгілі бір ережелерін сақтаймыз ба? Әр адамның жұмыстағы мінез-құлық нормалары туралы қалыптасқан өз ойы бар, алайда оның компанияның Іскерлік әдеп кодексіне сәйкес келуі маңызды. Мұндай құжат West Dala-да 2023 жылы ESG-трансформациясы аясында мақұлданып, корпоративтік сайтқа жарияланды.

Іскерлік әдеп кодексіне енгізілген қағидаттардың ішінде: әріптестерге, іскер серіктестерге, жеткізушілер мен клиенттерге құрмет көрсету; адам құқықтарын, тең мүмкіндіктерді сақтау және кемсітушілікке жол бермеу; қауіпсіздік техникасы мен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету; заңнаманы сақтау; мүдделер қақтығысын болдырмау; дербес деректер мен құпия ақпаратты қорғау; қабылдаушы тарапты тәуелді жағдайда қалдыратын сыйлықтар мен басқа да ерекше назар аударту белгілерінен бас тарту.

West Dala-ның барлық қызметкерлері міндетті түрде Іскерлік әдеп кодексінің ережелерімен танысады, сондай-ақ компания қызметкерлерінің міндетіне Іскерлік әдеп кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы өзінің басшысына не сенім білдіретін компаниядағы кез келген лауазымды адамға, сондай-ақ Адами ресурстар және өндірістік қатынастар бөлімінің сенім телефоны бойынша хабарлау кіреді (телефон: +7 7122 309009, ішкі 4211, электронды пошта: wd.hr@westdala.kz).

Компания Іскерлік әдеп кодексінің бұзылуы туралы хабарлаған қызметкерге қатысты қандай да бір шара қолдануға жол бермейді. Барлық қағидаларды сақтау жұмыс ұжымында жайлы, үйлесімді әрі қауіпсіз жағдай жасауда аса маңызды.

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.