Жабдықтар

Физика-химиялық әдіспен қайта өңдеу

  • Өндірістік ағындар мен сұйық қалдықтарды, оның ішінде құрамында мұнай бар, химиялық ластанған, құрамында майы бар, топырақ, тақтатас суларын, бұрғылау және нөсер суларын тазалау жөніндегі блоктық-модульдік кешен.
  • Құрамында мұнай бар қалдықтарды және бұрғылау қалдықтарын алдын ала тазартуға/өңдеуге арналған флокуляциялық қондырғы
  • Өңделген майларды одан әрі қайта өңдеуге дайындауға арналған қондырғы.
  • Қалдықтардың қауіпті қасиеттерін жою үшін химиялық қалдықтарды бейтараптандыру учаскесі.

 

Физикалық-биологиялық әдіспен қайта өңдеу

  • Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды микробиологиялық өңдеуге және залалсыздандыруға арналған кешенді тазарту құрылысы.

 

Термиялық әдіспен қайта өңдеу

  • Өнімділігі сағатына 5 тонна қауіпті қалдықтар түрлерін қайта өңдеуге арналған пиролиздік қондырғы: мұнай шламдары, мұнай ластанған топырақтар, бұрғылау шламдары, химиялық ластанған топырақтар, өндірістің қауіпті қалдықтары және т.б.
  • Мұнай шламдары, құрамында мұнай бар топырақтар, құрамында мұнай бар тұнбалар және түбіндегі шөгінділер және т.б. сияқты құрамында мұнай бар қалдықтарды термиялық өңдеуге (термодестрациялауға) арналған қондырғы.
  • Қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды, оның ішінде құрамында мұнай бар қалдықтарды термиялық өңдеуге (жағуға) арналған қондырғы
  • Қатты коммуналдық және өндірістік қалдықтар, бұрғылау және мұнай өндіру қалдықтары, сондай-ақ улар, прекурсорлар, улы заттар, жанғыш сұйықтықтар, химзаттар, реагенттер және т. б. сияқты қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоғары температурада залалсыздандыруға және жағуға арналған кешен.
  • Келесі қалдықтарды қоршаған ортаға зиянсыз жоғары температурада залалсыздандыруға және  жағуға арналған инсинератор: жарылыс қаупі бар және радиоактивті қалдықтардан басқа  заттар, улар, прекурсорлар, улы заттар, тез тұтанатын сұйықтықтар, химиялық заттар мен реагенттер.
  • Сұйық қалдықтарды (оның ішінде химиялық), мұнай шламдарын, мұнай және химиялық ластанған топырақты, бұрғылау шламдарын, құрамында мұнай бар тұнбаларды, түптік шөгінділерді және т.б. залалсыздандыруға арналған роторлық инсинератор. 

 

Демеркуризация

  • Барлық типтегі люминесцентті лампалардан термиялық демеркуризациялауға (сынапты алып тастауға) арналған қондырғы, ДСШ типті жоғары қысымды сынап лампаларының оттықтары, өнеркәсіптік өндірістегі құрамында сынап бар жабдықтар, сынаппен толтырылған аспаптар (термометрлер, игнитрондар және т. б.), сынаппен ластанған топырақтар мен сылақтар.

 

Сұрыптау

  • Сұрыпталған пластикті, картонды және қағазды брикеттеуге арналған арналы престер