Компанияның нысандары

  • Атырау облысындағы төрт нысанда:

Қалдықтарды басқару кешені (ҚБК) 

Қалдықтарды басқару кешені (ҚБК). Махамбет ауданындағы Атырау — Орал тас жолының 8-ші шақырымында орналасқан. Жалпы ауданы 9,5 га құрайды. Кешен аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының әр түрін қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу, орналастыру және залалсыздандыру учаскелері, сондай-ақ ағынды суларды қабылдау мен тазартуға арналған учаскелер шоғырланған.

Қалдықтарды өңдеу және орналастыруға арналған кешенді полигон (ҚӨжОКП) 

Қалдықтарды өңдеу және орналастыруға арналған кешенді полигон (ҚӨжОКП). Мақат ауданында Атырау-Доссор тас жолының 38-ші шақырымында орналасқан. Жалпы ауданы 142 га құрайды. Нысан өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түрлі түрлерін қабылдауға, сұрыптауға, қайта өңдеуге, орналастыруға және көмуге арналған. Нысанда өндірістік ағынды суларды тазарту қондырғысы, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазарту мен залалсыздандыру қондырғылары бар. Екі қондырғыдан шыққан тазартылған су Компанияның өз мұқтаждары үшін пайдаланылады, ал оның артығы булану тоғандарына жіберіледі немесе бөгде ұйымдарға берілуі мүмкін. Сонымен қатар, тазартылған суды жинақтау тоғанына бұру немесе үшінші тараптарға беру мүмкіндігімен ағынды суларды тазартудың толық циклі қарастырылған.

«Теңіз» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)

«Теңіз» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Жылыой ауданында Теңіз мұнай кен орнының жанында орналасқан. Жалпы ауданы 15 га құрайды. Кешен «Теңізшевройл» ЖШС негізгі өндірісінің қалдықтарын басқару саласындағы логистикалық қызметтерді қолдаудың өндірістік базасы болып табылады. Сонымен қатар, Кешен Теңіздегі клиенттер үшін қауіпті өндірістік қалдықтарды қабылдау және қайта өңдеу нысаны болып табылады.

«Прорва» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

«Прорва» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Жылыой ауданындағы Прорва жеріне жақын маңда орналасқан. Жалпы ауданы шамамен 20 га құрайды. Объектінің аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, ұсақтау/ұнтақтау және қайта өңдеу учаскелері, ағынды сулардың тұнбасын залалсыздандыру учаскесі, тазартылған ағындарды жинақтаушы тоған, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды қабылдауға, тазартуға және залалсыздандыруға арналған тазарту құрылыстарының кешені орналасқан.

 

  • Маңғыстау облысындағы екі нысанда:

«Өзен» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

«Өзен» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК).Қарақия ауданында, Өзен мұнай-газ кен орнына жақын маңда орналасқан. Объектінің жалпы ауданы 30 га құрайды. Кешен негізінен мұнаймен ластанған топырақ пен мұнай шламдарын қабылдауға арналған, сондай-ақ объект аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу және залалсыздандыру учаскелері орналасқан.

 

«Қошанай» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

«Қошанай» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Түпқараған ауданында, Форт-Шевченко қаласынан 12 шақырым қашықтықта және Қошанайдағы НКОК Н.В. базасының жанында орналасқан. Жалпы ауданы 15 га құрайды. Объектінің аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу, көму және залалсыздандыру учаскелері, шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды қабылдауға және қайта өңдеуге арналған кешенді тазарту құрылыстары, сондай-ақ тазартылған ағындарды жинақтаушы тоған орналасқан. Бұрғылау және мұнайлы қалдықтар мамандандырылған карталарға қабылданады, ол жерден дайындықтан өткен соң Компанияның меншікті қондырғыларында одан әрі қайта өңдеуге жіберіледі.

 

  • Батыс Қазақстан облысындағы бір нысанда:

«Усихино» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

«Усихино» қалдықтармен жұмыс жасау кешені. Бәйтерек ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 6 га құрайды. Кешен аумағында бұрғылау қалдықтарын залалсыздандыру және бұрғылау қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіру бойынша технологиялық алаң орналасқан. Қабылданатын қалдықтардың спектрін кеңейту мақсатында объектіні жаңғырту жүргізілуде.

 

Басқа облыстағы нысандарды дамыту компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, өйткені қалдықтарды кешенді басқару саласында қызметтер көрсету аталған облыстың қоршаған ортаны сақтауына және жақсартуына көмектесетін болады.