- Атырау облысындағы төрт нысанда:
Қалдықтарды басқару кешені (ҚБК)
«ҚБК» Қалдықтарды басқару кешені. Махамбет ауданындағы Атырау — Орал тас жолының 8-ші шақырымында орналасқан. Жалпы ауданы 9,5 га құрайды. Кешен аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу, орналастыру, залалсыздандыру бойынша учаскелер, сондай-ақ ағынды суларды қабылдауға және өңдеуге арналған учаскелер орналасқан.
Қалдықтарды өңдеу және орналастыруға арналған кешенді полигон (ҚӨжОКП)
Қалдықтарды өңдеу және орналастыруға арналған кешенді полигоны (ҚӨжОКП). Мақат ауданында Атырау-Доссор тас жолының 38-ші шақырымында орналасқан. Жалпы ауданы 142 га құрайды. Полигон өндіріс пен тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдауға, сұрыптауға, өңдеуге, орналастыруға және көмуге, ағынды суларды алдын-ала дайындауға арналған.
«Теңіз» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)
«Теңіз» Қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Жылыой ауданында Теңіз мұнай кен орнының жанында орналасқан. Жалпы ауданы 10 га құрайды. Кешен «Теңізшевройл» ЖШС негізгі өндірісінің қалдықтарын басқару саласындағы логистикалық қызметтерін қолдауға арналған өндірістік база болып табылады. Сонымен қатар, Кешен Теңіз аумағындағы клиенттерден келетін өндірістік қалдықтарды қабылдау және қайта өңдеу нысаны ретінде қызмет атқарады.
«Прорва» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)
«Прорва» Қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Жылыой ауданында орналасқан. Жалпы ауданы шамамен 15 га. Объектінің аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу, орналастыру, залалсыздандыру бойынша учаскелер, сондай-ақ тазартылған ағындардың жинақтаушы тоғанын қоса алғанда, шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды қабылдауға және қайта өңдеуге арналған учаскелер орналасқан.
- Маңғыстау облысындағы екі нысанда:
«Өзен» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)
«Өзен» Қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). ҚӨзен мұнай-газ кен орнына жақын Қарақия ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 30 га құрайды. Кешен негізінен мұнаймен ластанған топырақ пен мұнай шламын қабылдауға арналған, сондай-ақ объектінің аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру бойынша учаскелер орналасқан.
«Қошанай» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)
«Қошанай» Қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК). Түпқараған ауданында, Форт-Шевченко қаласынан 12 шақырым қашықтықта және Қошанайдағы НКОК Н.В. базасының жанында орналасқан. Жалпы ауданы 15 га құрайды. Объектінің аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдау, сұрыптау, қайта өңдеу, орналастыру, залалсыздандыру бойынша учаскелер, шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды қабылдауға және өңдеуге арналған учаске, сондай-ақ тазартылған сарқынды суларды жинақтаушы тоған орналасқан. Бұдан басқа, объект шлам жинағышқа қабылдау карталарында бұрғылау шламын және пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін қабылдай алады, сондай-ақ қабылданған бұрғылау қалдықтарын термиялық қондырғыда қайта өңдей алады.
- Батыс Қазақстан облысындағы бір нысанда:
«Усихино» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)
«Усихино» қалдықтармен жұмыс жасау кешені. Бәйтерек ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 6 га құрайды. Кешен аумағында бұрғылау қалдықтарын залалсыздандыру және бұрғылау қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіру бойынша технологиялық алаң орналасқан. Қабылданатын қалдықтардың спектрін кеңейту мақсатында объектіні жаңғырту жүргізілуде.
Басқа облыстағы нысандарды дамыту компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, өйткені қалдықтарды кешенді басқару саласында қызметтер көрсету аталған облыстың қоршаған ортаны сақтауына және жақсартуына көмектесетін болады.