Қалдықтарды тасымалдау

Біздің компания қалдықтардың қалыптасу орнынан тасымалдауды немесе оларды сақтау нысандарында кәдеге жаратуды кәсіби түрде жүзеге асырады.

Қалдықтарды тасымалдау үшін біздің клиенттерімізге барлық түрлерін тасымалдауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін арнайы автокөліктерді ұсынамыз. Бұл ретте әр көлік түріне тасымалданатын қалдықтың қауіптілігіне байланысты бөлек талаптар қойылады.

Компанияның арнайы техникалары тек қана қалдықтарды тасымалдауға арналмаған, сонымен бірге түрлі қалдықтарды тиеуге және түсіру жұмыстарына, күштеп жинау мен түсіруге тазалау және буландыру жұмыстарына құрамдастырылған техникасы бағытталған.

Қауіпсіздік техникасын сақтау, сонымен бірге қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз әсер етуші жағдайлардың пайда болуын болдырмас үшін, қалдықтардың жарылғыш қауіптілігі ерекшелігін ескеру қалдықтарды тасымалдаудағы біздің ең басты міндетіміз болып табылады. Компанияның барлық арнайы автокөліктері мобилдік байланыс, өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жабдықталған.

Қалдықтарды тасымалдайтын, тиейтін және түсіретін мамандар арнайы дайындықтан өтеді және ЕҚ және ҚТ және ҚОҚ біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Компанияда қолданылатын барлық құжаттар ҚР заңнамаларындағы барлық нормативтік талаптарға сәйкес келеді.

Әрбір нысаннан қалдықтарды тасып шығару бойынша жұмыстарды орындауға кеткен уақыт пен ресурстарды есептеудің негізінде, біз процестің орындалуына талдау жүргізіп отырамыз. Қалдықтарды тасымалдаудың сапасын бақылау біздің Тапсырыс берушілеріміздің қанағаттанушылығын көруге көмектеседі.