Қалдықтарды өңдеу

Өз клиенттерінің өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу үшін «West Dala» мынадай әдістерді қолданады:

  • физикалық-химиялықәдіс – еріткіштер мен мұнай өнімдерінің өздері жататын қосылыстардың өзара еру процесіне негізделген бұл әдіс, мұнай қоқырын өңдеуде кең таралған. Қыздырған кезде қарқындылығы арта түседі, содан кейін қатты және сұйық фаза сүзу көмегімен ажыратылады, кейіннен полярлы (еріткіш пен мұнай өнімдері) және полярлы емес қосылыстар бөлініп және қолданылған еріткіш регенерацияланады.
  • биологиялық әдіс - қалдықтарды өңдеудің бұл әдісі микробиологиялық ретінде кеңінен қолданылады. Микроағзалардың және олардың ферменттерінің құрылысы әр түрлі органикалық заттарды тұтыну, табиғи биополимерлерді ыдырату және тасымалдау қабілеті микробиологиялық синтез бен қалдықтарды өңдеудің көптеген пайдалы өнімдерін алудың негізі болып табылады.
  • термияалық әдіс – біздің елімізде де және шетелдерде де өте кең таралған. Оның принципі барлық органикалық заттар улы емес қосылыстарға дейін жоғары температура кезінде оттегімен толықтай қышқылданады. Нәтижесінде минералдық өнімдер (күл және түйіршік түрінде), булар мен газдар жылу шығады.
  • пиролиздік әдіс – бұл процесс жанғыш органикалық қосылыстарға оттегін жібермей термикалық ыдырату. Пиролиз процесі кезінде жанғыз газдердің қоспасы (синтез-газ) және құрамы бастапқы шикізаттың табиғатына, температуралық режимге, қысымға, реактордағы қыздыру жылдамдығына, камерадағы болу уақытына байланысты  басқа да бірақатар өнімдер түзіледі.   

Бұл әдістердің барлығы біздің компаниямыздың нысандары аумағында орналасқан арнайы жабдықтарда пайдаланылады.