Теңізшевройл

Серіктес туралы ақпарат

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) — Теңіз және Корольдік кен орындарын игеруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жетекші мұнай-газ өндіруші компанияларының бірі. Ауданы шамамен 2500 км2 болатын лицензиялық учаскеге әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі — Теңіз кен орны кіреді, оның өнімді қабаттарының тереңдігі шамамен 4000 метр және көмірсутектердің едәуір қоры бар.

ТШО Chevron, ExxonMobil, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ және ЛУКОЙЛ қатысуымен бірлескен кәсіпорын. Компания Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді және елдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі болып табылады.

ТШО қызметі Қазақстан Республикасының энергетика секторы мен экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие және көмірсутек шикізатын өндіруден бастап қайта өңдеуге және инфрақұрылымды қамтамасыз етуге дейінгі өндірістік процестердің толық кешенін қамтиды.

«Теңізшевройл» ЖШС және «West Dala» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат

«West Dala» ЖШС 2008 жылдан бері өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді басқару бойынша қызмет көрсете отырып, ТШО-мен ынтымақтасып келеді.

Серіктестік мердігерлік қызмет көрсетудің бас келісімшартымен бекітілген. Ол ТШО-ның негізгі өндірістік нысандарын, сондай-ақ жобаның мердігерлік ұйымдарын қамтиды. Ынтымақтастық жылдарында Серіктестің өнеркәсіптік қауіпсіздік, экологиялық жауапкершілік және корпоративтік стандарттар талаптарын қатаң сақтауға негізделген тиімді өзара әрекеттестік жүйесі құрылды.

Жобаларды дамыту:

2008 жыл — қалдықтарды кешенді басқару бойынша ынтымақтастықтың басталуы.

2016 – 2024 жж. — өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу жөніндегі қызметтерге негіздемелік шартқа қол қойылды.

2019–2025 жж. — Теңіз кен орнында Келешек кеңею жобасы және Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ/ҰЕҚБЖ) аясында, жоба толық аяқталғанға дейін қалдықтарды басқару бойынша қызметтер көрсету. Компания ККЖ жобасын іске асыруға қосқан үлесі үшін күміс медальмен марапатталды.

2020–2021 жж. — карантиндік шектеулер кезеңінде «West Dala» ЖШС ТШО өндірістік процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша персонал ұсынды.

2021 жыл— КТЖ және ЕБЗ зауыттарын күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жыл сайынғы ынтымақтастықтың басталуы, бұл Компанияның сенімі мен кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін растайды.

2021 – 2024 жж.– «Прорва» ҚЖК компаниясының өндірістік нысанында ТШО өндірістік алаңдарында түзілген құрылыс және бөлшектеу қалдықтарын қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсету.

2022, 2024 жылдар — мұнай шламын бөлу және резервуарларды «non-entry system» әдісімен автоматтандырылған тазалау бойынша қызметтер көрсету.

2023 жыл — санитарлық-тұрмыстық модульдерді жалға алу және оларға қызмет көрсету, техникалық су жеткізу, сондай-ақ септикалық жүйелерге, соның ішінде ККЖ нысандарында қызмет көрсетуге келісімшарт жасалды.

2024 жыл — қалдықтарды басқару қызметтері бойынша ТШО-мен Мастер-келісімшартқа қол қойылды. Осы құжатқа бұрын жекелеген келісімшарттар аясында көрсетіліп келген қызметтер де енгізілді. Атырау облысындағы су тасқынына байланысты төтенше жағдай кезінде ТШО үшін мамандандырылған техника мен жабдықтар бөлінді.

Теңіз кен орнында жобаларды қамтамасыз ету үшін Компания қалдықтарды өңдеудің заманауи технологиялары қолданылатын «Теңіз» және «Прорва» қалдықтарымен жұмыс істеу кешендерін салып, пайдалануға берді. Компанияда қуаттылығы жоғары вакуумдық машиналарды, бункер тасығыштарды, қоқыс тасығыштарды, су тасығыштарды, әртүрлі көлемдегі контейнерлерді және күрделілігі жоғары жұмыстарды тиімді орындауға мүмкіндік беретін барлық маусымдық санитарлық-тұрмыстық модульдерді қоса алғанда, мамандандырылған техника мен жабдықтар бар.

«West Dala» ЖШС өндірістік процестердің тұрақтылығын және объектілердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тікелей ТШО үшін де, жобаның мердігерлік ұйымдары үшін де өзінің кәсіби қызметтерін көрсетеді.

Теңіз кен орнынан қабылданатын қалдықтардың тізбесі

  • химиялық материалдардың сұйық және қатты қалдықтары
  • құрамында мұнай бар ағындар
  • мұнай шламы
  • мерзімі өткен химреагенттер
  • пайдаланылған қоспалар, эмульсиялар, майлар
  • көмірсутектермен және химикаттармен ластанған топырақ
  • құрамында сынап бар қалдықтар
  • қатты тұрмыстық қалдықтар
  • картон, пластик (қайта пайдалануға арналған)
  • қалдықтардың өзге де түрлері

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және HSE стандарттары

Жыл сайын ТШО Теңіз кен орнындағы барлық мердігерлік ұйымдарға CHESM аудитін (денсаулықты сақтау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін бағалау) жүргізеді. «West Dala» ЖШС жыл сайын жоғары көрсеткіштерге ие болып, оларды ұдайы жақсартуға ұмтылып келеді. Әрбір аудит қорытындысы бойынша Компанияға ең жоғары баға — А деңгейі беріледі.

Серіктестіктің құндылығы

ТШО-мен көпжылдық ынтымақтастық — «West Dala» ЖШС сенімділігінің, кәсібилігінің және қауіпсіздік мәдениеті жоғары деңгейінің маңызды дәлелі. Бірлескен жұмыс қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және Теңіз кен орнындағы экологиялық тиімділікті арттыруға септігін тигізеді.

Компания өзіне көрсетілген сенімді жоғары бағалайды және ТШО-мен өзара іс-қимылды негізгі әрі ұзақ мерзімді серіктестік ретінде қарастырады. «West Dala» ЖШС Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мүмкіндігін бергені, сындарлы ынтымақтастығы мен ашық диалогы үшін ТШО-ға шын жүректен алғыс білдіреді.