Серіктес туралы ақпарат
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) 2002 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мүдделерін білдіреді. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, оларды тасымалдауға, қайта өңдеуге және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.
Компания Қазақстан Республикасының энергетика секторындағы мүдделерін білдіреді және елдегі көмірсутектерді өндірудің, тасымалдаудың және өңдеудің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді.
«ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ және «West Dala» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат
«West Dala» ЖШС «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ және оның еншілес, сондай-ақ үлестес ұйымдарына 2010-шы жылдардан бері жалғасып келе жатқан көпжылдық сенімгерлік және орнықты әріптестік үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Компания үшін ҚМГ тобымен бірлесіп Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының экологиялық қауіпсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз етуге үлес қосу үлкен мәртебе.
Ынтымақтастық шеңберінде «West Dala» ЖШС құрамында мұнай бар және қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, тарихи ластануларды жою, жабдықтарды радиациялық ластанудан залалсыздандыру, резервуарларды тазарту, өнеркәсіптік қалдықтарды шығару және орналастыру бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.
Компания үшін тазартылған топырақты қайта пайдалану мүмкіндігі бар микробиологиялық өңдеу жобаларына қатысу, мобильді технологиялық кешендерді енгізу, сондай-ақ оффшорлық экологиялық шешімдерді іске асыру ерекше маңызға ие.
Негізгі серіктестер мен бағыттар:
- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) — Компанияның негізгі және ірі серіктестерінің бірі. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын залалсыздандыру (дезактивациялау), радиациялық ластанудан тазарту және кейіннен қақты мамандандырылған полигондарға тапсыру бойынша қызметтер сәтті орындалуда. 2023 жылы 87 818 тонна мұнаймен ластанған қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ірі жоба іске асырылды. Сонымен қатар кәсіпорын нысандарында өндірістік қалдықтарды жою, тасымалдау және кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде.
- «Өзенмұнайгаз» АҚ - қауіпті және өндірістік қалдықтарды шығару және кәдеге жаратуға арналған жыл сайынғы шарттар.
- «Ембімұнайгаз» АҚ - компания кәсіпорын нысандары мен оның құрылымдық бөлімшелерінде, соның ішінде «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ және т.б. қызметтердің кең кешенін сәтті жүзеге асыруда. Жұмыстың негізгі бағыттарына құрамында мұнай бар қалдықтарды кәдеге жарату, құрамында күкірт бар қалдықтарды шығару және жою, мазутталған топырақты кәдеге жарату, радиациялық фоны жоғары металл сынықтарын кәдеге жарату, сарқынды суларды қабылдау және тазарту, сондай-ақ өндірістік қалдықтарды кешенді жинау, тасымалдау және жою жатады.
- «ҚазТрансОйл» АҚ - қалдықтармен жұмыс істеу, өнеркәсіптік және мұнай бар қалдықтарды шығару және қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған жыл сайынғы келісімшарттар.
- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Компания зауыт қызметі процесінде пайда болатын өндірістік, қауіпті және қатты тұрмыстық қалдықтарды тұрақты түрде шығару, тасымалдау, қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсетеді. Ұзақ мерзімді негізде жылына жалпы көлемі 10 000 тоннаға дейін пайдаланылған катализаторлар мен катализатор шаңының шламын шығару және кәдеге жарату бойынша қызметтер де көрсетіледі.
- «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС - 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Компания Атырау облысында бұрғылау қоқырын, пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін (ПБЕ), құрамында мұнай бар материалдарды, құрамында сынап бар қалдықтарды қоса алғанда, бұрғылау және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу, жою және орналастыру бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.
- «Исатай Оперейтинг компани» ЖШС - 2024 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Абай кен орнында барлау жұмыстары шеңберінде өнеркәсіптік және бұрғылау қалдықтарын кәдеге жарату, қайта өңдеу, жою және орналастыру бойынша қызметтер сәтті көрсетілді.
- «Karaton Operating Ltd.» жеке компаниясы — 2026 жылы тереңдігі 5 750 метрлік «Каратон тұзасты» учаскесіндегі СГ-8 ұңғымасын сынау жұмыстары басталды. Компаниялар арасындағы шарт 2026 жылғы ақпанда бұрғылау қалдықтарын, соның ішінде бұрғылау шламын, пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін, бұрғылау сарқынды суларын, сондай-ақ қабаттық (ілеспе) суларды жинауға, шығаруға, сұрыптауға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға және залалсыздандыруға жасалды.
ҚМГ тобымен әріптестік шеңберінде инфрақұрылым мен технологияларды дамыту:
-
2018-2020 жж – «Өзен» ҚЖК-де мұнаймен ластанған топырақты, мұнай және бұрғылау шламдарын микробиологиялық тазартуға арналған технологиялық карталар мен алаңдар кеңейтілді.
-
2023 жыл – мұнаймен ластанған топырақты тазартуға арналған мобильді жуу-сұрыптау кешені іске қосылды, бұл ҚМГ нысандарындағы жұмыстардың тиімділігін айтарлықтай арттырды.
-
2025 жыл — «Өзен» РҚЖКП (Радиоактивті қалдықтармен жұмыс жасау кешенді полигоны) жаңа нысанының бірінші технологиялық желісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, ал 2026 жылы Компания екінші желіні жобалауға кіріседі. «Өзен» РҚЖКП екі технологиялық желіге бөлінеді: 1) қатты радиоактивті қалдықтармен жұмыс жасау бойынша; 2) мұнай шламы мен топырақтың ластанған төмен белсенді радиоактивті қалдықтарын қайта өңдеу және залалсыздандыру бойынша. Өз қызметін жүзеге асыру үшін Компания мұнай-газ саласының қатты және сұйық РАҚ (радиоактивті қалдықтарын) қайта өңдеуге арналған технологиялар мен жабдықтарды айқындап қойды.