2026 жылғы 7 ақпанда қол жеткізілген маңызды көрсеткіш — 1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.
Жобаның мобилизациясы 2023 жылғы 14 наурызда басталып, осы уақыт ішінде компания қызметкерлері арасында еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға әкелген бірде-бір оқиға тіркелген жоқ.
Маңызды өндірістік көрсеткішке қол жеткізуге байланысты Жоба нысанында West Dala компаниясының жоғары басшылығы, мердігер компания — «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), ТШО-ның қауіпсіздік техникасы бөлімі өкілдері және мұнай резервуарлық паркін пайдалану бөлімдерінің басшылары қатысқан ресми іс-шара өтті. Дәл осы нысандарда мұнайшламын шығару және тасымалдау жұмыстары жүргізіледі.
Алғыс хаттармен, марапаттармен және естелік сыйлықтармен Жоба қызметкерлерінің жетістіктері мен қосқан үлесі атап өтілді. Олардың күнделікті тәртібі, мұқияттылығы және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау жұмыстың тұрақты әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етті.
Іс-шара барысында қатысушылар қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының жоғары деңгейде орындалуын ерекше атап өтті. Жобаның бұл жетістігі барлық қатысушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі екені, әсіресе өндірістік алаңдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауына байланысты екені айтылды.
Мұнайшламын бөлу жобасының әрбір қызметкеріне кәсібилігі, жеке жауапкершілігі және қауіпсіздік мәдениетіне адалдығы үшін алғыс білдіреміз.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)