АЛТЫН БЕЛГІ

Мектеп бітіру кеші — кешегі оқушылар мен ата-аналар үшін әрқашан маңызды әрі көптен күткен мереке.

Түпқараған ауданы Баутино ауылы М. Горький атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Құдайбай Гүлназ бен Рахым Әсемай үшін бұл кеш ерекше есте қалды. Осы ақылына көркі сай қыздар оқудағы үздік жетістіктері үшін «Алтын белгі» ғана алып қоймай, салтанатты рәсім кезінде жоба менеджерінің м.а. Айсұлтанов Тарас және учаске супервайзері Шыңғыс Райымбек West Dala компаниясынан әр үздікке ноутбук табыс етті. Мұндай қолдау оларға әрі қарай оқу кезінде көмектесіп, болашақта көптеген мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз.

Құдайбай Гүлназ бен Рахым Әсемайды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Осы жылдың барлық түлектеріне ақ жол, зор денсаулық және барлық бастамаларына табыс тілейміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған маңызды бастаманы қолдай отырып, республикалық «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Құлсары қаласы әкімдігімен келісім бойынша «Теңіз» жобасының 20 қызметкерінің күшімен Курсай жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.

West Dala компаниясында «Экологиялық сын-қатер» акциясы өткізілді, оған бас кеңсе, «Прорва» ҚЖК, «Теңіз» ҚЖК және ПРН жобасы, «Өзен» ҚЖК және ММГ РАО жобасы, «Қошанай» ҚЖК, ҚБК және көлік бөлімі, ҚӨжОКП және Батыс Ескене жобасының қызметкерлері қатысты.

Атырау облысының Экология департаменті 1-санаттағы кәсіпорындармен жұмыс кеңесін өткізді.

Компанияның 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында өткізілген West Dala-ның Еңбек қауіпсіздігі айлығы – 2025 өз мәресіне 31 мамыр күні жетті. Қорытынды шара ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті ұйымдастырған табиғат аясындағы корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Іс-шара Wooden House демалыс базасында өтті.