ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

West Dala жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды! 1 қыркүйек — әрбір оқушы үшін жаңа үміттер, арман-мұраттар мен маңызды бастау. West Dala компаниясы дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына сенімді қадам басуына жәрдемдесуде.  

Биыл көмек алғандар:

  • Көпбалалы отбасылардан шыққан қызметкерлердің 100 баласы — «Еркемай» дүкеніне 25 000 теңгелік сертификаттар;
  • Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімдігі аппаратының 10 баласы;
  • Атырау облысы Білім беру басқармасынан 10 бала;
  • Маңғыстау облысы Баутино ауылы әкімдігі аппаратының 5 баласы.

Біз білімді — болашаққа салынған инвестиция, ал балаларға қамқорлықты — қоғам дамуына қосқан ортақ үлес деп білеміз. Барлық оқушыларға жеңіл де табысты оқу жылын, жаңа білімді, жарқын ашылулар мен үлкен жеңістер тілейміз!

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясының өкілдері елдегі ең ірі мұнай-химия жобасы – қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы аясында қазақстандық қамтуды дамытуға арналған «Жергілікті құндылық, бірлескен өсу» форумына қатысты.

Тамыз айының соңында Атырауда мұнай-газ саласындағы жасанды интеллект бойынша бірінші форум өтті. Бастамашы – Атырау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми қолдауымен Қазақстанның Мұнай кәсіпшілігі сервистік компаниялары одағы («ҚазСервис»).