Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
Наурыз мерекесі құтты болсын! Әрбір үйге қуаныш, бақ-береке және жылулық кірсін.
West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.
Компания өкілдері оларды мерекемен құттықтап, аз да болса көңіл бөлді. Әр себетке қажетті азық-түліктер салынды: ұн, қант, сүт, шай, жұмыртқа, күріш, қаймақ, тәттілер, бәліштер, айран, өсімдік және сары май, макарон, шұжық, ірімшік, тауық еті, сондай-ақ жаңа піскен жемістер мен көкөністер.
Мұндай ізгі істер әлемді жақсартатынына сенеміз.
.jpg)