West Dala компаниясы 2023 жылы тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ірі халықаралық бастама — БҰҰ-ның Жаһандық шартына (Global Compact) қосылды. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның Жаһандық шартына Қазақстанның 52 компаниясы қатысушы болып табылады. Олар адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы БҰҰ қағидаттарын сақтауға, сондай-ақ БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) өз қызметіне ерікті түрде енгізуге міндеттеме алған.
БҰҰ қайырымдылыққа негізделген серіктестіктен бизнеспен неғұрлым стратегиялық және жүйелі ынтымақтастыққа кезең-кезеңімен көшуде. Компаниялар экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, жұмыс орындарын құруда, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге арналған инновацияларды дамытуда, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылда шешуші рөл атқарады.
БҰҰ-ның Жаһандық шартының 10 қағидатын сақтау және 17 ТДМ-ды интеграциялаумен қатар, West Dala компаниясы жыл сайын мамандандырылған оқыту курстары мен тренингтерден өтеді, сондай-ақ БҰҰ-ның Жаһандық шарты аясындағы онлайн-семинарларға белсенді түрде қатысады. 2025 жылдың соңында компания қызметкерлері келесі оқу бағдарламалары бойынша сертификаттар алды:
- «Бизнес және адам құқықтары» акселераторы — адам құқықтарын сақтау және тиісті тексеру (Due Diligence) рәсімдері саласында бизнестің қызметін жетілдіруге бағытталған алты айлық білім беру бағдарламасы;
- «SDG Innovation for Young Professionals» акселераторы — болашақ бизнес-көшбасшылар мен өзгерістер агенттерінің әлеуетін дамытуға арналған тоғыз айлық қарқынды бағдарлама;
- «Бизнестегі гендерлік теңдік және инклюзия» біркүндік тренингі — инклюзивті корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ кемсітпеу және әртүрлілік қағидаттарын бизнес-процестер мен персоналды басқару жүйесіне енгізуге арналған практикалық оқыту.
Акселераторлар аясында қатысушы компанияларға кейіннен өндірістік және бизнес-процестерге енгізілуі мүмкін жеке жобаларын әзірлеу мүмкіндігі беріледі.
.jpg)
.jpg)