Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек - барлық оқушылар мен ата-аналар үшін маңызды күн. Биылғы жылы алғаш рет партаға отыратын бірінші сынып оқушыларына ерекше жылы лебіз білдіреміз!
Сондай-ақ, қалыптасқан дәстүр бойынша, West Dala компаниясы, жетім балалар мен көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетті. Атырау қаласы Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының хатының негізінде 10 отбасынан 31 балаға мектеп керек-жарақтарын алу үшін 16 129 теңге көлемінде ақшалай қаражат табысталды.
Оқушылар мен ата-аналарға жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!
.jpeg)