West Dala компаниясы Karachaganak Petroleum Operating B.V. ұйымдастырған «ЭКО Серіктестік» кезекті экологиялық форумына қатысты. Аталған іс-шара Бизнес-серіктестер басшылығының экологиялық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, кәсіпорындағы экологиялық бақылауды күшейтуге және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған.
Іс-шара қорытындысы бойынша West Dala экологиялық жауапкершілікті дамытуға қосқан үлесі үшін марапат грамотасына ие болды. Әсіресе, 2023–2025 жылдар аралығында өткізілген барлық аудиттердің «өте жақсы» бағамен, бірде-бір ескерту мен ұсынымсыз өткені қуантады. Марапаттау рәсімін КПО Б.В.-ның техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік тұтастық жөніндегі директоры Норберт Жалле өткізді.
Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімізді осы лайықты нәтижемен құттықтаймыз!
.jpg)