Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
2022 жылғы 1-11 сәуір аралығында West Dala компаниясы кезекті қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті.
Аудит нәтижелері менеджмент жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.
Компания "үздіксіз жақсарту" қағидатын жалғастырып, сәтті қолдануда. Аудит нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Аудиторлар БМЖ-нің "жоғары басшылықтың міндеттемесі" және Сапа Менеджменті Жүйесінің барлық жеті қағидатын қолдану сияқты жақсы сәттерді атап өтті.