Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
West Dala тәуелсіз сертификатталған Intertek органының аудитінен сәтті өтіп, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін тағы да растады. Бұл жолы тексеру Маңғыстау облысындағы бір нысанда жүргізілді. «Сәуір айында компания қызметінің барлық бағыттары бойынша ауқымды тексеру жүргізілді. Аудит барысында сәйкессіздіктер анықталмады, көп жағдайда жұмысқа піскен және дамыған көзқарас байқалды», - деп түсіндірді ИСМ менеджері Әсем Сәрсенғалиева, аудит нәтижелері туралы. Сондай-ақ ол мұндай нәтижелерге сапаны басқарудың барлық принциптері қолданылғанда және барлық персоналды тарту арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.
.jpeg)
(1).jpeg)