САЙТҚА КІРУ

Ағымдағы жылдың 25 мамырында «West Dalа» компаниясының Қалдықтарды басқару кешеніне НКОК Н.В., экологиялық ҮЕҰ, Атырау мемлекеттік құрылымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Сапардың мақсаты - НКОК Н.В. мердігер компаниясының қалдықтарымен жұмыс істеу саласындағы әдістері мен технологияларымен танысу.

«West Dala» компаниясы 2007 жылдан бастап НКОК Н.В. - мен ынтымақтастық қатынастарды құрған. Қалдықтар мен ағынды суларды басқару жүйесі өндіріс пен тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін жинау, тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату, көму жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. НКОК Н.В. мен «West Dala» серіктестігі аясында «Батыс Ескене» жобасы мен Баутино базасының қалдықтарын кешенді өңдеу бойынша түрлі міндеттер шешілуде.

Махамбет ауданындағы Атырау — Орал тас жолының 8 шақырымында орналасқан қалдықтарды басқару кешені (ҚБК) қалдықтармен және ағынды сулармен жұмыс істеуге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Кешендегі барлық қондырғыларда шығатын газдарды тазартудың көп сатылы дәрежелері бар. Осылайша, зауыттардағы жану кезіндегі газдар тазартылады және қоршаған ортаға зиян келтірмейді, бұл аккредиттелген зертхананың бақылау нәтижелерімен расталады.

ҚБК - де делегация объектідегі кешенді басқару тізбегімен егжей-тегжейлі танысты: таразыда қалдықтарды қабылдауды ұйымдастырудан бастап қондырғыларда қайта өңдеуге дейін. «West Dala» компаниясының Бас технологы Татьяна Сергеева және ҚБК Өндіріс бастығы Буранбай Күмісбеков өндірістік ағындар мен сұйық қалдықтарды тазарту қалай жүргізілетінін түсіндірді және көрсетті; қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоғары температурада залалсыздандыру; қалдықтарды бейтараптандыру; қалдықтарды демеркуризациялау; химиялық сұйық және қатты қалдықтарды, тамақ, медициналық және басқа да қалдықтарды қайта өңдеу.

Компания мамандары табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және атмосфералық ауаға жүктемені азайту мақсатында «West Dala» компаниясы он жыл бойы қалдықтарды термиялық әдіспен жағу кезінде бөлінетін жылуды ҚБК үй-жайлары мен кеңсесін жылыту үшін пайдаланатынын атап өтті. Нысанда қондырғыларда тазартудан өткен су қайта қолданылады. Мысалы, мұндай техникалық су жабдықтың жұмысы үшін және объектінің аумағында шаң басқан кезде қолданылады.

«West Dala» компаниясының өкілдері келушілерге ҚБК жұмысы туралы барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ экологиялық әл-ауқат жүйесіндегі маңызды бөлігі болып табылатын қалдықтарды басқару саласына қатысты мәселелер туралы ақпаратпен бөлісті.

 

 

Толығырақ:

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.

West Dala компаниясы 2023 жылы тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ірі халықаралық бастама — БҰҰ-ның Жаһандық шартына (Global Compact) қосылды.

Биыл West Dala компаниясы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізді. Алайда нағыз мерейтой лайықты түрде аталып өтуі тиіс, сондықтан 5 желтоқсанда өткен бизнес-кеште біз West Dala компаниясының 20 жылдығын осы жолда бірге болған әріптестерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен атап өттік. Н. Ө. Балғымбаев атындағы коммуникациялар дамыту орталығында шамамен 100 қонақ жиналып, компанияның қалыптасу жолын еске алып, жетістіктерімізді бірге атап өтті.