West Dala қызметкерлері жұмысты жоғары деңгейде орындап, оны біздің тапсырыс берушілер атап өтті.
Жақында КЕNТ компаниясы сапалы және уақытылы қызмет көрсеткені үшін алғыс хат білдірді. Біздің қызметкерлер: Сегізбаев Нұрбек, Дәулетов Нұрлан, Мырзалы Шаттық және Рамазанов Бекжан сертификаттар мен сыйлықтар алды.

Біз клиенттерімізге сенім мен серіктестік үшін алғысымызды білдіреміз!

                                                 

 

Толығырақ:

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.