West Dala компаниясы үшінші жыл қатарынан парниктік газдар шығарындыларын халықаралық GHG Protocol стандартына және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес бағалап келеді.
Көміртек нарықтары — ел деңгейінде де, компания деңгейінде де климаттық мақсаттарға қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі. Олар парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға күшті экономикалық ынталандыру қалыптастырып, инновациялық «жасыл» технологияларды енгізуге жол ашады.
West Dala компаниясы квоталауға жатпайды, себебі шығарындылар көлемі көмірқышқыл газының 20 мың тоннасынан аспайды. 2024 жылғы есептік кезеңде парниктік газдар шығарындылары 4 341,10432 тонна CO₂-экв. құрады, ал қамту салалары бойынша есептеулер келесідей болды:
• Scope 1 – 10 839,94 тонна CO₂-экв.
• Scope 2 – 2 277,04 тонна CO₂-экв.
• Scope 3 – 26 328,47 тонна CO₂-экв.
West Dala компаниясының өндірістік нысандары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына қатаң сәйкес жұмыс істейді және белгіленген шығарындылар нормативтерінен аспайды. Әрбір эмиссия көзі тәуелсіз аккредиттелген зертхана тарапынан тоқсан сайын мониторингтен өтеді. Мониторинг нәтижелері компания қызметі жүргізілетін өңірлерде қоршаған ортаның ластануына жол берілмейтінін растайды.
Толығырақ:
Рамазан айында — мейірім мен жақсылық айында — west Dala кеңсе қызметкерлері игі іске бірікті.
West Dala қызметкерлері қалдықтарды өңдеу және циркулярлық экономика саласындағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктеріне арналған GEFF бағдарламасы (ЕҚҚБ) вебинарына қатысты.
West Dala компаниясы Karachaganak Petroleum Operating B.V. ұйымдастырған «ЭКО Серіктестік» кезекті экологиялық форумына қатысты. Аталған іс-шара Бизнес-серіктестер басшылығының экологиялық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, кәсіпорындағы экологиялық бақылауды күшейтуге және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған.