МАРАПАТ

West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады. Бұл мерекелік күнде шақырылған қызметкерлер компанияның алғашқы қадамдарынан бүгінгі күнге дейінгі тарихын еске алды. Басшылық үздік мамандарға алғыс білдіріп, ардагерлер мен зейнеткерлерге құрмет медальдарын және естелік сыйлықтарын, ал ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.

Компанияның дамуы, прогресі, бәсекеге қабілеттілігі, қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы – жұмысшылардың табанды еңбегінің нәтижесі. Бұлар – күннің ыстығына да, қара суығына да қарамай, компанияның өндірістік нысандарында күн-түн демей еңбек ететін нағыз майдангерлер. West Dala – ортақ мақсат пен құндылықтар біріктірген, араларында сенімді қарым-қатынас қалыптасқан біртұтас команда. Әр қызметкер өз рөлін түсінеді, әріптестерін қолдауға және экологиялық мәселелерді бірге шешуге дайын.

 

 

 

 

         

         

         

 

Толығырақ:

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.