МАРАПАТТАУ

West Dala компаниясы Баутинодағы қалдықтарды кешенді басқару бойынша НКОК теңіздік қолдау базасында 9 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.

Осы уақыт ішінде компания қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ешқандай оқыс оқиғаларсыз 15 миллион адам-сағат жұмыс істеді.

Мұндай айтулы жетістік елеусіз қалмай, НКОК-Баутино Қалдықтарды басқару бөлімі басшылығының арнайы сертификатымен марапатталды.

Қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі "Кошанай" кешенінің өндірістік базасында жұмыс барысында жоғары нәтижеге қол жеткізуге елеулі үлес қосқан кешен және жоба қызметкерлеріне ресми марапаттау өткізілді.

Қызметкерлер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін сақтау бөлігінде ерекше көзге түскен, сондай-ақ жобада жұмыс өтілі көп еңбеккерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды: оларға сапалы құрал-саймандар жиынтығы, аңшылық бинокльдер, рюкзактар және ауыспалы линзалары бар көруді қорғау құралдарының жиынтығы берілді.
➖ ➖ ➖
West Dala-тәртіп сақшысы!

 

         

 

Толығырақ:

Бүгін – Дүниежүзілік Еңбек қорғау күні! Осы оқиғаның қарсаңында West Dala 20 жылдығына арналған Еңбекті қорғау-2025 «Оқыту өмірлік маңызды» бағдарламасын іске қосты.

2025 жылғы сәуір айында West Dala компаниясы Теңізшевройл (ТШО) мердігер ұйымдары арасында өткізілетін жыл сайынғы CHESM аудитінен өтті.