Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
23 қазан, жексенбі күні Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Түпқараған ауданына болып, онда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» компаниясының Баутино теңіз операцияларын қолдау базасының қызметімен танысты. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі West Dala компаниясының «Қошанай» кешеніне барды. Сапар барысында Ноғаев мырзаға ҚТҒ-100 жұмысы көрсетілді, сондай-ақ Баутино базасының өндіру және тұтыну қалдықтарының әртүрлі түрлерін қабылдаумен, сұрыптаумен, өңдеумен, орналастырумен, залалсыздандырумен қатар жүретін процестер туралы айтылды. Сапар барысында «Қошанай» кешенінің одан әрі жұмысы туралы іскерлік әңгіме болды.
(1).jpeg)
.jpeg)