Сәрсенбіде Астанада "Алтын сапа" және "Парыз"сыйлықтарын табыстау салтанаты өтті. Іс-шараға 500 адам келді, оның ішінде ҚР Президентінің Әкімшілігі, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, барлық сыйлықтардың лауреаттары, өткен жылдардың жеңімпаздары мен конкурстарға қатысушылар.

"West Dala" ЖШС өкілдері Астанаға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т .Б. Дүйсенованың қолымен "Парыз" байқауына қатысушының Алғыс хатын табыстау рәсіміне шақырылды. Биылғы жылы біздің компания өз клиенттерімен қатар – ТШО, НКОК, КПО, "Жайықмұнай"ЖШС-нің қатысушысы болғанын атап өту маңызды.

Шағын және орта бизнес арасындағы "Парыз" байқауының Гран-приіне Ақмола облысынан Шуйское-XXI компаниясы, ірі бизнес арасында – НКОК ие болды.

"Біз бұл байқауды жыл сайын өткіземіз және табысқа жете алған кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ, ел өміріне бей-жай қарамайтын әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпорындарды марапаттаймыз. Бүгінгі таңда еліміздің 160-тан астам компаниясы "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттары атанды. 365 кәсіпорынға "Парыз" сыйлығы табысталды. Мұның бәрі отандық бизнестің қарқынды дамуы туралы айтады",-деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінде. Өз сөзінде ол нарықтық бәсекелестік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, салықтық адалдық елімізде бизнес жүргізудің ажырамас шарты болуға тиіс екенін атап өтті.

 

 

Толығырақ:

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.

West Dala компаниясы 2023 жылы тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ірі халықаралық бастама — БҰҰ-ның Жаһандық шартына (Global Compact) қосылды.

Биыл West Dala компаниясы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізді. Алайда нағыз мерейтой лайықты түрде аталып өтуі тиіс, сондықтан 5 желтоқсанда өткен бизнес-кеште біз West Dala компаниясының 20 жылдығын осы жолда бірге болған әріптестерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен атап өттік. Н. Ө. Балғымбаев атындағы коммуникациялар дамыту орталығында шамамен 100 қонақ жиналып, компанияның қалыптасу жолын еске алып, жетістіктерімізді бірге атап өтті.