Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
Осы жылдан бастап West Dala компаниясы Қазақстанның мұнай-газ кеңесінің «PetroCouncil» мүшесі болды. Бұл қауымдастық Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған.
«PetroCouncil» миссиясы – мұнай-газ нарығының әділ және табысты дамуын қамтамасыз ету үшін күш-жігерді біріктіру және қолдау.
Қауымдастық жүзеге асырған жобалардың кейбірі:
- Жылыой ауданындағы жұмыссыз тұрғындарға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту
- ТШО, НКОК, КПО ірі операторларымен сатып алу және алдын ала біліктілік бойынша семинарлар
- ШОБ үшін ТШО және НКОК сатып алу және алдын ала біліктілік талаптары бойынша жадынама әзірлеу
- және басқа да маңызды бастамалар!
West Dala компаниясы үшін «PetroCouncil» мүшесі болу – сараптамалық қолдау алудың ғана емес, сондай-ақ мұнай-газ нарығының негізгі ойыншыларымен, операторлармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау үшін маңызды платформа болып табылады.
.jpg)