САЙТҚА КІРУ

МЕНІҢ ҚАЛАМНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Атырау қаласындағы Happy Choice мектебінің 2«А» сынып оқушылары алғаш рет West Dala компаниясының ҚБК өндірістік нысанына барды. Мұндай ерекше экскурсияның мақсаты – 2-сынып оқушылары Балғымбаев Альтаир мен Байбосын Балис жүргізіп жатқан «Менің қаламның экологиялық мәселелері» атты зерттеу жұмысы болды. Жоба сынып жетекшісі Пузанова-Чукалина Лариса Витальевна жетекшілігімен республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсы аясында жүзеге асырылуда. Бұл конкурс бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамытып, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. «Зерде» конкурсына биыл 20 жыл толды, жыл сайын еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық жоба қатысады.

Өзінің мерейтой жылы аясында West Dala компаниясы жас зерттеушілерге қолдау көрсетіп, өндірістік экскурсия ұйымдастырды. Балаларға компанияның қалдықтарды кешенді басқару саласындағы көпжылдық тәжірибесі көрсетілді және түсіндірілді. West Dala компаниясының негізін қалаушы Балғымбаев Толеген Нұрланұлы былай деді: «20 жыл бұрын Батыс Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартқым келді, себебі ол кезде өңірде қалдықтар ашық ауада өртеніп жататын, кәсіпорындар өндірістік қалдықтармен не істеу керектігін білмейтін, адамдар көшеге темекі тұқылдарын және қоқыс тастайтын… Мен қоршаған ортаны жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімді қосқым келді».

Бүгін West Dala компаниясы қуана айтады: туған жердің экологиясына деген қамқорлық рухы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді — бүгінде тіпті бастауыш сынып оқушылары да өз қаласының экологиялық мәселелері туралы ойлана бастады!

 

 

 

Толығырақ:

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.

West Dala компаниясы 2023 жылы тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ірі халықаралық бастама — БҰҰ-ның Жаһандық шартына (Global Compact) қосылды.

Биыл West Dala компаниясы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізді. Алайда нағыз мерейтой лайықты түрде аталып өтуі тиіс, сондықтан 5 желтоқсанда өткен бизнес-кеште біз West Dala компаниясының 20 жылдығын осы жолда бірге болған әріптестерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен атап өттік. Н. Ө. Балғымбаев атындағы коммуникациялар дамыту орталығында шамамен 100 қонақ жиналып, компанияның қалыптасу жолын еске алып, жетістіктерімізді бірге атап өтті.