СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ

Биыл сәуір айында West Dala компаниясы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға қойылатын біліктілік талаптары” сәйкестік сертификатын растауға инспекциялық бақылаудан сәтті өтті.

Компания тиісті сертификатты 2018 жылы алды. Сараптамалық қорытындыдан кейін оның жарамдылығы жыл сайынғы инспекциялық бақылау шарттарында 2021 жылдан 2024 жылға дейін ұзартылды. Биылғы жылы Экологиялық кодекстің жаңа талаптарына байланысты бақылау пункттерінің екі есе ұлғаюына қарамастан, West Dala түзету әрекеттеріне қатысты ұсыныссыз Эксперттік қорытынды ала алды. Бұл - компания өз қызметін экологиялық заңнаманың барлық талаптарына сәйкес мінсіз жүзеге асыратынын білдіреді.

Толығырақ:

West Dala Италия–Қазақстан Сауда Ассоциациясының (ACIK) жаңа мүшесі атанды.

West Dala компаниясы стратегиялық серіктесі — «Теңізшевройл» ЖШС жүргізген CHESM (еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және мердігер ұйымдардың қауіпсіздігін басқару жүйесі) бойынша соңғы бағалау қорытындысы нәтижесінде өзінің жоғары деңгейін сәтті растады және ең жоғары баға — Grade A (96%) алды.

West Dala компаниясы үшінші жыл қатарынан парниктік газдар шығарындыларын халықаралық GHG Protocol стандартына және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес бағалап келеді.

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.