Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
«ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАймыз!» марафонымызды West Dala нысандарында жалғастырамыз!
Маусым айының ортасында «Өзен» ҚЖК-де сенбілік өтті. Дәстүр бойынша іс-шара жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы арнайы брифингтен басталды.
Сенбілік кешеннің өзінде де, оған жақын аумақта да өтті. Негізгі «трофейлер» қағаз, пластмасса және шыны қалдықтары болды, олар дереу әрі қарай өңдеу және кәдеге жарату үшін түрлерге бөлінді.
Сенбілік эстафетасын «Өзен» ҚЖК командасы Қалдықтарды Басқару Кешеніне (ҚБК) табыс етті! Жақында әріптестерден репортаж күтіңіздер!
.jpg)
.jpg)