ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

Аталған сенбілік Түпқараған ауданындағы туристік табиғи кешен — «Тамшалы» шатқалында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Сенбілік барысында «Қошанай» кешенінің қызметкерлері қоқыс жинап, бекітілген аумақты ретке келтірді.

Ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға қоршаған ортаны таза ұстауға қосқан белсенді үлестері үшін алғыс білдіреміз.

 

 

 

Толығырақ:

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.