ТИМБИЛДИНГ

Қазан айындағы West Dala спорттық тимбилдингі ашық ауада демалыстың, әріптестер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтудың сәтті үйлесімі болды әрі ең бастысы, қызметкерлерді тату ұжымға жинады. Бұған жақсы ауа-райы және қатысушылардың керемет көңіл-күйі ықпал етті. Жоғары мотивация тимбилдингтің бірінші кезеңінде қатысушылар орындаған тапсырмалар мен қиындықтардың нақты орындалуына әсер етті. Виктор Кысыковтың Wild West (қызғылт сары) және Тарас Айсұлтановтың Green Joe (жасыл) командалары бақ сынасты. Тапсырмалар оңай болған жоқ: шиеленіскен арқан комбинацияларынан шығу, кедергілермен жүгіріп, стандарттан тыс шешімдерді іздеу керек болды. Дегенмен, барлық командалар үйлесімді жұмыс, тапқырлық және бір-бірінің қолдауы арқылы қол жеткізді. Жеңімпаз Wild West командасы болды, ол тапқырлық пен жаңашылдық танытқан жасылдар командасынан сәл-ақ озып кетті. Сондай-ақ, командалық рухты волейбол ойыны сынады.

Тимбилдингтің спорттық бөлімі аяқталғаннан кейін би командаларының жарыстары және тимбилдингтің командалары мен белсенді қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті. Іс-шара «Жабайы батыс» стилінде болғандықтан, «Батыстың батыры бол» байқаулары өткізілді. «Ковбой» үздік әйел бейнесі» үшін номинациясы бойынша кеңсе менеджері Салтанат Құрманғалиева жеңімпаз атанды. Жыл бойы жұмыста және ұжымда өзін көрсеткен қызметкерлерді арнайы грамоталармен марапаттау жағымды тосынсый болды.

Іс-шара үлкен табыспен өтті, қатысушыларды түрлі бағдарламамен және жаңа әсерлер беріп қуантты. Мұндай тимбилдингтер команда құруға көмектеседі, демек, West Dala-ның тағы бір тарихтағы сәтті кезеңін құруға көмектеседі!

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ:

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.