West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады.
«Вест Дала» ЖШС өз қызметкерлері арасында қызметкерлерді тиімді басқарудың құралын практикада қолдану, ұжымда ішкі байланысты орнату және нығайту, тілектестік аурасын қалыптастыру, командадағы өзара қолдау мен өзара әрекеттестікке арналған, «Тиімді команда» корпоративтік тимбилдингін ұйымдастырды.
Аталған шараның бағдарламасы бірнеше бөлімдерден тұрды:
- Компания туралы таныстыру , мұнда 2013 жылдың жұмыс қорытындыларына тоқталып, сонымен қоса 2014 жылғы даму жоспарлары да сөз болып өтті.
- Көшбасшылық қасиеттерімен көрінген бастамашыл қызметкерлерді анықтауға мүмкіндік берген интерактивтік ойындар.
- Қалыптасқан командалар арасында салауатты бәсекелестікті көрсететін боулинг спорттық ойыны.