West Dala ТШО-да

West Dala командасы ККЖ ТШО объектісінен жақсы жаңалықтармен бөлісуді жалғастыруда.

Сәуір айындағы «Теңізшевройл» жаңалықтар шығарылымында West Dala компаниясы QALQALAY (Қалайсың) блиц-кампаниясына арналған материалда аталып өтті. Мұндай іс-шара 28 күн бойы 12 сағат бойы бірге жұмыс істейтін әріптестерге бір-бірін жақсы білуге көмектеседі. «Блиц-кампанияны өткізген ҚЕМ чемпионы (Қауіпсіз еңбек мәдениеті) Шакирова Гүлмираның позитивті энергиясының арқасында барлығы жақсы көңіл-күйге бөленіп, бір-бірін тануға деген ынталары арта түсті», - делінген мақалада.

Жақында өткен «Теңізшевройл» жиналысында West Dala командасының жұмылдыру/деактивациялау, тренингтерді жүктеу, қол жеткізу және қазақстандық заңнама мен ТШО рәсімдеріне сәйкес өз қызметкерлерін уақытылы оқыту бойынша сәйкестік деңгейі жоғары компаниялар арасындағы жұмысын атап өтті.

West Dala компаниясы пандемияның қиын кезеңі мен қатаң шектеу шараларына қарамастан өз қызметкерлерін оқытуды жалғастыруда. Қызметкерлерге, әсіресе жұмыс құрамына барлық курстардан сәтті өткені және оқу процесіне жауапты көзқарасы үшін, сондай-ақ Теңіздің барлық басшыларына алғыс білдіреміз. Теңіздің және Атырау қ. IT мамандарына, сондай-ақ онлайн оқытуға көмек беретін ҚБК қызметкерлеріне бөлек алғыс айтамыз.

  

Толығырақ:

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.