ҮЗДІК БАСТАМА

West Dala компаниясы 800 күн жарақатсыз жұмыс істеп, NCOC тарапынан «Үздік бастама» номинациясында жеңімпаз атанды

2025 жылдың сәуір айында West Dala компаниясы маңызды межеге жетті — өндірістік жарақаттардан жұмыс уақытының жоғалуынсыз 800 күн өтті. Бұл айтулы жетістік Дүниежүзілік еңбек қорғау күнімен және компанияның 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.Қауіпсіз еңбек мәдениетін одан әрі нығайту, қызметкерлер мен мердігер ұйымдардың жауапкершілігін, тәртібін және ынталануын арттыру мақсатында Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау департаментінің бастамасымен, компания басшылығының қолдауымен «Еңбек қорғау айлығы – 2025» бағдарламасы іске асырылды.

Бағдарлама нәтижелері компанияның стратегиялық серіктесі – NCOC тарапынан жоғары бағаланды. NCOC қауіпсіздік айлығы аясында серіктес компаниялар арасында өткізілген байқау қорытындысы бойынша West Dala компаниясы «Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін ілгерілетудегі үздік бастама» номинациясында жеңімпаз деп танылды.

Компания қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі және «Нөлдік көрсеткіш» қағидаттарына жоғары адалдығы үшін Арнаулы сертификатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.Бұл марапат компанияның 20 жылдығына орай ерекше әрі құнды сыйлыққа айналып, «West Dala» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек қорғау мәселелеріне қатысты жүйелі көзқарасының тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

       

Толығырақ:

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.