БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯ

14 наурызда Астанада өткен ESG принциптерін басқару саласындағы кәсіпорындардың тәжірбиесіне интеграциялауға арналған баспасөз конференциясында S&P Global рейтингтік агенттігінен қалдықтарды басқару саласында халықаралық ESG рейтингін алған Қазақстандағы алғашқы компания Атыраулық «West Dala» ЖШС компаниясы болғандығы жарияланды. «West Dala» ЖШС Корпоративтік даму жөніндегі директоры Диас Хабиев: «Біз 19 жыл бойғы қызметімізде экологиялық және әлеуметтік аспектілерге көңіл бөле отырып тұрақты даму қағидаттарын ұстанамыз»,- деді. Бұл экологиялық жағдайы қиын аймақтағы тұрақты дамуға бағытталған үлкен қадам екендігін атап өткен жөн. Осылайша, кәсіптің жауапкершілігі артып, бұл сала инвесторлар үшін тартымды бола бастайды.

Баспасөз конференциясы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және басқа да мүдделі тараптармен стратегиялық кездесу аясында өтті, онда қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін циркулярлы экономикаға айналдыру және кәсіптің ESG қағидаттарына көшуі туралы талқыланды. Бұл бағыттар елдің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманың мақсатты көрсеткіштеріне және Орнықты Даму Мақсаттарына қол жеткізуі үшін өзекті болып табылады. Кездесу ҚР ЭГТРМ мен бизнес-қоғамдастықтың елдегі тұрақты даму мен экологиялық жағдайды жақсартуда жасаған жұмыстарының бір бөлігі болды.

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастықтың атқарушы директоры Вера Мустафина қалдықтарды қайта өңдеу компаниялары өздерінің эксперттік құзыретін үнемі жетілдіріп отыратындығын атап өтті. Мұның дәлелі — осы саладағы компания West Dala-ның алғашқы болып ESG рейтингін алуы. Бұл маңызды оқиға Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесін дамытудағы жаңа кезеңді анықтап, қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты дамуға ұмтылысты растайды.

Тұрақты даму жөніндегі кеңестің және «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы ESG төрағасы Юлия Якупбаева ESG принциптері біртіндеп импорттаушыларға, сондай-ақ өз қарыз алушыларына жаңа талаптар қоятын қаржы ұйымдарына таралып жатқандығын атап өтті. ESG принциптерін іскерлік тәжірбиеге сәтті енгізу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан Тұрақты даму жөніндегі кеңес құрылды.

«Біз еліміздің тұрақты даму саласында нағыз көшбасшыларды тәрбиелеуіне ұмтыламыз»,- деді Якупбаева. Сондықтан қалдықтарды басқару саласындағы компанияның алғаш рет ESG рейтингін алғаны ерекше қуантады. Бұл қадам Қазақстандағы кәсіпті дамытудағы жаңа дәуір белгісі болып табылады және біздің тұрақты және жауапты кәсіпкерлікке дайындығымызды көрсетеді.

                                 

Толығырақ:

Биыл West Dala компаниясы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізді. Алайда нағыз мерейтой лайықты түрде аталып өтуі тиіс, сондықтан 5 желтоқсанда өткен бизнес-кеште біз West Dala компаниясының 20 жылдығын осы жолда бірге болған әріптестерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен атап өттік. Н. Ө. Балғымбаев атындағы коммуникациялар дамыту орталығында шамамен 100 қонақ жиналып, компанияның қалыптасу жолын еске алып, жетістіктерімізді бірге атап өтті.

West Dala компаниясы Маңғыстау облысындағы үздік қызметкерлерін 20 жылдық мерекесімен құттықтады. Шақырылған ҚЖК «Өзен», ҚЖК «Қошанай», Баутино жобасы және Ақтау кеңсесінің қызметкерлері құрмет медальдарымен, естелік сыйлықтарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

«Тенгизшевройл» ЖШС Мердігерлердің денсулық, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі (CHESM) бойынша Бизнес-серіктер форумын өткізді. Компанияның бизнес-серіктері жарақатсыздық нәтижелеріне қол жеткізу тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ Мердігер ұйымдардың қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау үшін ТШО-ның бас кеңсесінде жиналды.

West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады.