МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қолдау 123 балаға көрсетілді:
• Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы;
• Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан ауылы;
• Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы;
• Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы;
• Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлерінің балалары;
• West Dala қызметкерлерінің балалары.

Біз үшін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамыту ғана емес, қоғамның әл-ауқатына өз үлесімізді қосу да маңызды.
Жаңа оқу жылы қуанышқа, жаңа білімге және өз күшіне деген сенімге толы болсын! 
West Dala — болашақ үшін жаңа мүмкіндіктерді бірге жасаймыз.

        

 

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.