ОҚУ ГРАНТТАРЫ

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады. 2026–2027 оқу жылына арналған гранттарға «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері ие болды:

  • Балтабаева Гүлбаршын Әскербекқызы
  • Асқар Нұрдана Ибатоллақызы
  • Мұхан Көркемай Достанқызы

Грант иегерлері көпбалалы отбасылардан шыққан және оқу үлгерімі жоғары студенттер. Гранттарды табыстау «West Dala» мен Атырау университеті арасындағы ынтымақтастықтың жалғасы болып, қалдықтарды басқару және экологиялық қауіпсіздік саласын болашақта дамытуға үлес қосатын жас мамандарды қолдауға бағытталған.

  

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.