КАДР АУДИТІ

Біз тағы да жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді! Сәуірде біздің бірнеше жылдан бері клиентіміз болып келе жатқан НКОК компаниясында кадр құжаттамасының ҚР заңдарының талаптарына сай орындалуы, WestDala процедурасы және саясатының орындалуы бойынша аудит аяқталды. Аудит біздің бірнеше жылдан бері клиентіміз болып табылатын НКОК компаниясының қызметтерімен жүзеге асты.

Тексеру барысында ҚР Еңбек заңнамаларының сақталуы, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі, еңбекақы төлеу тәртібі мен жүйесі және басқа да көрсеткіштер бағаланды. Аудит бойынша ҚР еңбек заңнамаларын сақтауды бағалау жалпы 100%-дың 98%-ын құрады. Бекітіліген кестеге сәйкес бұл нәтиже «керемет» деп бағаланады.

                     

Толығырақ:

NCOC қауіпсіздік айлығы аясында серіктес компаниялар арасында өткізілген байқау қорытындысы бойынша West Dala компаниясы «Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін ілгерілетудегі үздік бастама» номинациясында жеңімпаз деп танылды.

Бүгін – Дүниежүзілік Еңбек қорғау күні! Осы оқиғаның қарсаңында West Dala 20 жылдығына арналған Еңбекті қорғау-2025 «Оқыту өмірлік маңызды» бағдарламасын іске қосты.