Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.
Атырау облысының Экология департаменті 1-санаттағы кәсіпорындармен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайту, қоршаған ортаға жалпы әсерді төмендету және өңір кәсіпорындарында ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізу перспективалары талқыланды.
Кәсіпкерлік субъектілерінің экологиялық жауапкершілігіне және біртіндеп орнықты әрі қауіпсіз өндірістік шешімдерге көшу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кеңес аясында Экологтар күніне арналған марапаттау рәсімі өтті. Онда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атынан «West Dala» ЖШС-нің бас экологы Айнагүл Наурызбаева Алғыс хатпен марапатталды.
Кәсіби шеберлігі мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша белсенді еңбегі үшін шын жүректен құттықтап, алғысымызды білдіреміз!
.jpg)