КОМАНДА ҚҰРУ

Еңбек қауіпсіздігі айлығы – 2025: сәтті аяқталуы. Компанияның 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында өткізілген West Dala-ның Еңбек қауіпсіздігі айлығы – 2025 өз мәресіне 31 мамыр күні жетті. Қорытынды шара ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті ұйымдастырған табиғат аясындағы корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Іс-шара Wooden House демалыс базасында өтті.

Іс-шара бағдарламасы мазмұнды және әртарапты өтті, ол ұжымдық рухты нығайтуға және компания қызметкерлері арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне деген басымдықты арттыруға бағытталды. Негізгі қатысушылар – жыл бойы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен еңбек қауіпсіздігі айлығы аясында өткізілген тақырыптық байқаулардың жеңімпаздары болды.

Қызметкерлер ұжым ішіндегі өзара әрекеттестік, түсіністік пен сенімді дамытуға арналған белсенді командалық ойындарға қатысты. Зияткерлік тапсырмалар мен байқаулар командамен жұмыс істеу және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге көмектесті. Өткізілген тимбилдинг бейресми қарым-қатынастың тиімді құралы ғана емес, сонымен қатар мықты, ұйымшыл және жауапты команда құру жолындағы маңызды қадам болды.

Тимбилдинг соңында құрылымдық бөлімшелердің, жобалар мен өндірістік нысандардың басшылары құттықтау сөз сөйлеп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында қол жеткізілген маңызды нәтижелерді атап өтті. Еңбек ардагерлері, байқау жеңімпаздары және қауіпсіздік саласында ерекше көзге түскен қызметкерлер Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері, ынталары және көрсеткен ұжымдық рухтары үшін алғысымызды білдіреміз!

  

  

  

  

  

 

Толығырақ:

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі