МАРАПАТТАРЫ

Құттықтаймыз! Лайықты марапатыңызбен!

Қараша айында ККЖ жобасының 3GP нысанында әріптесіміз, учаске үйлестірушісі Қабдолов Саламат ТШО-ның алғыс хатымен және қола медалімен марапатталды.

Бұл марапат еңбек қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлкен үлесін мойындау болып табылады. ТШО сертификатында атап көрсетілгендей, Қабдолов Саламат жоғары жауапкершілік деңгейін көрсетіп, ықтимал қауіптер мен оқиғаларды тұрақты түрде анықтап, қажетті шаралар қабылдау үшін дер кезінде басшылыққа хабарлап отырады. Оның белсенді ұстанымы мен клиент пен BP басшылығы арасындағы тиімді қарым-қатынасты жолға қоя білуінің арқасында команда жұмысы қауіпсіз әрі нәтижелі бола түсті. 

Кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісі болып табылатын әріптесіміз Қабдолов Саламатты құттықтаймыз!

                                      

Толығырақ:

West Dala компаниясы көптеген ұйымдармен бірлесіп қайырымдылық көмек көрсетеді. Солардың бірі – «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Бірлестіктің Атырау қалалық филиалы. Олардың тізімі бойынша бүгін әріптестеріміз алты отбасыға барып, атаулы көмек көрсетті. Компания атынан “Игілік себеті” атты акция ұйымдастырылды.

Біздің әріптестеріміз Айнагүл Сагиева мен Асыл Теміртасова Атырау қаласындағы Д. Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 4 «Л» сыныбына қонаққа барып, ашық экология сабағын өткізді.

West Dala компаниясы Атырауда өткен «Қазнефтегазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясына қатысты. Бұл – Қазақстандағы мұнай сервисі саласындағы негізгі оқиға, оны KazService мұнай сервисі компаниялары одағы ұйымдастырды.