МАРАПАТТАРЫ

Атырау облысының Экология департаменті 1-санаттағы кәсіпорындармен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайту, қоршаған ортаға жалпы әсерді төмендету және өңір кәсіпорындарында ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізу перспективалары талқыланды.

Кәсіпкерлік субъектілерінің экологиялық жауапкершілігіне және біртіндеп орнықты әрі қауіпсіз өндірістік шешімдерге көшу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кеңес аясында Экологтар күніне арналған марапаттау рәсімі өтті. Онда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атынан «West Dala» ЖШС-нің бас экологы Айнагүл Наурызбаева Алғыс хатпен марапатталды.

Кәсіби шеберлігі мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша белсенді еңбегі үшін шын жүректен құттықтап, алғысымызды білдіреміз!

 

Толығырақ:

West Dala Италия–Қазақстан Сауда Ассоциациясының (ACIK) жаңа мүшесі атанды.

West Dala компаниясы стратегиялық серіктесі — «Теңізшевройл» ЖШС жүргізген CHESM (еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және мердігер ұйымдардың қауіпсіздігін басқару жүйесі) бойынша соңғы бағалау қорытындысы нәтижесінде өзінің жоғары деңгейін сәтті растады және ең жоғары баға — Grade A (96%) алды.

West Dala компаниясы үшінші жыл қатарынан парниктік газдар шығарындыларын халықаралық GHG Protocol стандартына және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес бағалап келеді.

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.