CHESM АУДИТ

West Dala компаниясы стратегиялық серіктесі — «Теңізшевройл» ЖШС жүргізген CHESM (еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және мердігер ұйымдардың қауіпсіздігін басқару жүйесі) бойынша соңғы бағалау қорытындысы нәтижесінде өзінің жоғары деңгейін сәтті растады және ең жоғары баға — Grade A (96%) алды.

Қол жеткізілген нәтиже енгізілген басқару жүйелерінің тиімділігін, қауіпсіздік мәдениетінің жоғары деңгейін, сондай-ақ қызметкерлер мен бизнес-серіктестердің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және сапа қағидаттарына адалдығын айқын дәлелдейді.

«Бұл нәтиже — біздің еңбек қауіпсіздігі мәдениетіміздің, орындау тәртібінің және бүкіл команданың белсенділігінің көрінісі. Біз тек көрсеткіштерге қол жеткізіп қана қоймай, қауіпсіздік пен сапаны күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдырамыз», — деп атап өтті компанияның жоғары басшылық өкілі.

«Grade A деңгейінің расталуы — жүйелі жұмыстың, көшбасшылықтың және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің нәтижесі. Компания еңбек қауіпсіздігі мәдениетін тұрақты түрде нығайтып келеді. Барлық қызметкерлер мен бизнес-серіктестерге белсенді қатысқаны, кәсібилігі және “Қауіпсіздік — бірінші орында” қағидатына адалдығы үшін алғыс білдіреміз. Алға қарай қозғалысты жалғастырып, жоғары стандартты сақтаймыз», — деп атап өтті компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің басшысы.

West Dala қол жеткізілген нәтижемен тоқтап қалмай, қызметтің барлық бағыттары бойынша үздіксіз жетілдіру және жоғары стандарттарды сақтау бағытын ұстануды жалғастырады.

    

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.