МАРАПАТТАУ

Шілде айында мұнай резервуарлары парк (МРП) алаңында West Dala қызметкерлерін қауіпсіз жұмыс, тамаша дайындық және қауіпсіздік техникасын жақсы меңгергені үшін бизнес серіктестердің ай сайынғы жиналысында сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.

Компания ұжымы осындай жоғары бағаға ТШО-ның қауіпсіздік аудитінен кейін ие болды. Аудит барысында барлық тартылған техникалық қызметтер тексеріліп, компания қызметкерлерінің біліктілігі мен қауіпсіздік техникасы бойынша білімдері тексерілді. Еңбек қауіпсіздігі аудитінен кейін West Dala маманы және үйлестірушісі жұмыс орындарындағы Еңбек Қауіпсіздігі және Еңбекті Қорғау бойынша дөңгелек үстел отырысында тұтынушыларға іс-шаралардың тұсаукесерін сәтті көрсетті.

Сондай-ақ 4 шілдеде ТШО ҚКЖ (ҚАУІПСІЗ КӨЛІКТЕРДІ ЖҮРГІЗУ) ККЖ-да West Dala жүргізушілері алты ай мерзімге бұзушылықсыз белгілі бір максималды жүрісі үшін марапаттады. Келесі жүргізушілер сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды:

  • Сүгіров Манас Құралбайұлы
  • Ермекбаев Нұржан Елемесұлы
  • Сариев Самат Талдықұлы
  • Орынбасаров Талғат Құспанұлы
  • Қазымбетов Ғалымжан Нұрмұхамбетұлы

Барлық қызметкерлерге тамаша жұмысы үшін алғыс айтамыз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған маңызды бастаманы қолдай отырып, республикалық «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Құлсары қаласы әкімдігімен келісім бойынша «Теңіз» жобасының 20 қызметкерінің күшімен Курсай жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.

West Dala компаниясында «Экологиялық сын-қатер» акциясы өткізілді, оған бас кеңсе, «Прорва» ҚЖК, «Теңіз» ҚЖК және ПРН жобасы, «Өзен» ҚЖК және ММГ РАО жобасы, «Қошанай» ҚЖК, ҚБК және көлік бөлімі, ҚӨжОКП және Батыс Ескене жобасының қызметкерлері қатысты.

Атырау облысының Экология департаменті 1-санаттағы кәсіпорындармен жұмыс кеңесін өткізді.

Компанияның 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында өткізілген West Dala-ның Еңбек қауіпсіздігі айлығы – 2025 өз мәресіне 31 мамыр күні жетті. Қорытынды шара ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті ұйымдастырған табиғат аясындағы корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Іс-шара Wooden House демалыс базасында өтті.