West Dala компаниясы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған маңызды бастаманы қолдай отырып, республикалық «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Құлсары қаласы әкімдігімен келісім бойынша «Теңіз» жобасының 20 қызметкерінің күшімен Курсай жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Форт-Шевченко қаласы әкімдігінің бастамасымен Тамшалының көркем табиғат аясында сенбілік өткізілді.
«Қошанай» кешенінің қызметкерлері экологиялық науқанға белсене қатысып, көп мөлшерде қалдықтарды жинады.
Ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға әлемімізді таза ұстауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!