ЖҚЕ БОЙЫНША ТРЕНИНГ

West Dala компаниясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда! Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні қарсаңында ӨҚжЕҚ департаментінің қызметкерлері Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына жол жүру ережелері тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға жол-патрульдік полиция инспекторлары да қатысып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жиі жіберетін қателіктер, жарық қайтарғыш элементтердің маңыздылығы, жол қиылыстарында жолды кесіп өту кезінде абай болу қажеттілігі туралы айтты. Сабақ барысында нақты жол-көлік оқиғалары мысал ретінде талқыланды. Тренинг интерактивті форматта өтті: оқушылар белсенді сұрақтар қойып, өздерінің қала көшелеріндегі бақылауларымен бөлісті. Ең белсенді қатысушылар West Dala компаниясынан Мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды.

BINOM оқушылары алған білімдерін жолда мұқият әрі жауапкершілікпен жүруге пайдаланады деп сенеміз.

 

                          

Толығырақ:

West Dala Италия–Қазақстан Сауда Ассоциациясының (ACIK) жаңа мүшесі атанды.

West Dala компаниясы стратегиялық серіктесі — «Теңізшевройл» ЖШС жүргізген CHESM (еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және мердігер ұйымдардың қауіпсіздігін басқару жүйесі) бойынша соңғы бағалау қорытындысы нәтижесінде өзінің жоғары деңгейін сәтті растады және ең жоғары баға — Grade A (96%) алды.

West Dala компаниясы үшінші жыл қатарынан парниктік газдар шығарындыларын халықаралық GHG Protocol стандартына және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес бағалап келеді.

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.