ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – West Dala компаниясының өндірістік қызметін жүзеге асырудағы ең жоғары басымдық болып табылады. Бұл саладағы негізгі принциптер:

1. Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығын тану.
2. Мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлерінің және келушілердің объектілердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты талаптарды орындағаны үшін жауапкершілігі.
3. Өндірісте жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егер олар қауіпсіздік талаптарына қайшы келсе, экономикалық, техникалық немесе өзге сипаттағы ешқандай пайымдаулар ескерілмесе.

Компанияның және мердігер ұйымның әрбір қызметкері жұмыс күні аяқталғаннан кейін үйіне тірі, дені сау және еңбекке жарамды/және еңбекке қабілеттілігін жоғалтпай оралуы керек.

                     

Толығырақ:

West Dala компаниясы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған маңызды бастаманы қолдай отырып, республикалық «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Құлсары қаласы әкімдігімен келісім бойынша «Теңіз» жобасының 20 қызметкерінің күшімен Курсай жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.

West Dala компаниясында «Экологиялық сын-қатер» акциясы өткізілді, оған бас кеңсе, «Прорва» ҚЖК, «Теңіз» ҚЖК және ПРН жобасы, «Өзен» ҚЖК және ММГ РАО жобасы, «Қошанай» ҚЖК, ҚБК және көлік бөлімі, ҚӨжОКП және Батыс Ескене жобасының қызметкерлері қатысты.

Атырау облысының Экология департаменті 1-санаттағы кәсіпорындармен жұмыс кеңесін өткізді.

Компанияның 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында өткізілген West Dala-ның Еңбек қауіпсіздігі айлығы – 2025 өз мәресіне 31 мамыр күні жетті. Қорытынды шара ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті ұйымдастырған табиғат аясындағы корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Іс-шара Wooden House демалыс базасында өтті.