ATYRAU MARATHON VI

24 қыркүйектің жексенбінің таңы Atyrau Marathon VI қатысушылары үшін ыстық болды. Әрбір жүйрік үшін мұндай шара төзімділік, қайрат пен спорттық шеберліктің сынағы болып табылады. Биыл марафонға West Dala компаниясының 13 спортшы бастады. Жүйріктердің көпшілігі жарысқа West Dala денсаулық сақтау саласының маманы Гауһар Бекетаеваның спорттық ықпалымен түсті. Ол кеңсе жұмысын да, және «Run Club Atyrau» жүгіру клубында жаттықтырушылық тапсырмаларын да орындай алады.

«Марафонға барлығымыз күнде дерлік бірге дайындалдық. Гаухар жеңіске деген ынтамызды арттырды. Жарыстың өзінде бәсекелестер болды, мен соңғы сәтте жеңісіме күмәндандым, бұл менің алғашқы ресми марафоным. Бірақ біздің күш-жігеріміз 100% ақталды. Қазір жүгіру мен үшін ең жақсы хобби және антистресс», - дейді West Dala-ның химик-технологы Айымжан Нурмуханова. Алғашқы 10 шақырымдық жарысында ол 18+ жас санатында 1-орынға ие болды.

Тағы бір жеңімпаз, West Dala есепшісі Айман Даулетьярова да Гаухармен бірге жүгіру клубында жаттығады. «Спорт менің өмірімде әрқашан болды, ол маған жақсы формада болуға көмектеседі және денсаулығыма пайдалы. Менің ойымша, спорт өмір салты болуы керек», - дейді Айман. Соңғы айларда ол марафонға тыңғылықты дайындалып, соңында тамаша нәтижеге қол жеткізді: 30+ жас санатында 5 шақырымдық жарыста 3-орын.

“West Dala” командасының жаттықтырушысы Гауһар Бекетаева 30 жастан асқан жүйріктердің арасында 10 шақырымға жүгіруден 1-орынға ие болды. Осылайша, Гауһар өткен жылғы марафон нәтижесін екі ұпайға жақсартты!

Жартылай марафонға қатысқан әріптесіміз, жүйелік администратор Адильхан Есимовты ерекше атап өткім келеді! Ол 21 км жолды 1 сағат 36 минут 19 секундта орташа жылдамдықпен 13,14 км/сағ жүріп өтті. Алынған нәтижелердің барлығы - өз бетінше жасалған тамаша жұмыс және жарыс алдында бірнеше сағаттық жаттығулар.

Сондай-ақ марафонға қатысқан барлық әріптестерімізді атап өткіміз келеді: Эльмира Шарипова, Алтынай Алмағамбетова, Раушан Айсина, Қамшат Тахиталиева, Азиза Махметова, Ажар Егинбаева, Олеся Балашова, Динара Мизамгалиева. Әріптестеріміз бізді спорттық позитивтілікке шақырады!

Компаниядан 13 қатысушысы - Вестдалалықтардың спортты жақсы көретіндігінің және салауатты өмір салтына үлкен мән беретінінің белгісі. Сіздердің барлығыңыз біздің мақтанышымыз және әрқайсымыздың өмірімізде жұмысқа және спортқа уақыт бар екеніне үлгі боласыздар!

 

 

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.