ДЕМЕУШІЛІК

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.

Бекхан — бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі және бірнеше ірі жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері:

  • 1-орын — 2024 жылғы Қазақстан чемпионаты;
  • 1-орын — Дінмұхаммед Қонаев атындағы мықтылар турнирінің жеңімпазы (2024);
  • 1-орын — 2024 жылы Әл-Айн қаласында (БАӘ) өткен Азия чемпионаты;
  • 2-орын — 2026 жылғы Қазақстанның аймақтық чемпионаты;
  • 2-орын — Қазақстан Республикасының чемпионаты;
  • 3-орын — Ташкентте өткен U15/U17 Азия чемпионаты.

Азия чемпионатында спортшы Қырғызстан, Таиланд және Иордания өкілдеріне қарсы үш тартысты жекпе-жек өткізіп, жоғары дайындық деңгейі мен нағыз жауынгерлік мінезін көрсетті.

Біз спортты және жас ұрпақты қолдау — мемлекетіміздің күшті, мақсатты әрі табысты болашағына қосылған үлкен үлес деп сенеміз!

 

 

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.