ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

3 отбасыға қажетті азық-түлік салынған себеттер табысталды: ұн, тауық еті, жұмыртқа, сары май мен өсімдік майы, сүт, тәттілер, макарон, күріш, көкөністер мен жемістер, тоқаштар, шай және тағы басқа өнімдер. 

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қолдау мен қамқорлық ерекше маңызды. Осындай мерекелі күндері аз да болса жылу сыйлай алғанымызға қуаныштымыз.

Құрбан айт әр шаңыраққа береке, тыныштық және молшылық.

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.